SHARE жобасы

2023 жылғы 31 қазан күні халықаралық SHARE жобасы аясында жылсайынғы халықаралық шағын-конференция өтті. Конференцияға 300-ден астам жобадағы педагогтері мен «Назарбаев интеллектуалды мектептер» АҚ төрағасы А. Жангозин, Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин, Кембридждегі Anglian Learning Multi Academy Trust негізін қалаушысы, бас директоры Кейт Эванс, Астана қаласы білім басқармасының мектеп бөлімі басшысы А. Амангельдиева, Астана қаласының педагогикалық шеберлік орталығы өкілдері қатысты.

Конференция барысында Амангельдиева Асыл Амангельдіқызы жобаның жүргізілуі мен жасалынып жатқан қолайлы жағдайлар туралы сөз сөйледі. Панельдік сессиясының дисскуссиялық алаңында Кембридж профессоры Коллин Маклафлин мен Кейт Эванс жоба аясындағы жұмыс бойынша ойларымен бөлісіп сұрақтарға жауап берді. Практикалық бөлімінде жобадағы 22 мектептің зарттеуші-педагогтері шебер-сыныптар өткізіп тәжірибелерімен бөлісті.

Коференцияның «Постер-сессия» бөлімінде зертеуші-педагогтер жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерімен бөлісіті.

Іс-шара соңында кері байланыс берілді, сұрақтар талқыланды, жұмыс қорытындыланып ұсыныстар шығарылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған