Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 14 желтоқсан күні Астана қаласы N22 мектеп-гимназиясының базасында «Әдістемелік орталықтың» психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері Т.Сатымбекова мен М.Рустамова «Жас психолог мектебі» аясында тәжірибелік топ құру сабағын өткізді. «Тиімді қарым — қатынас әдістері» тақырыбындағы сессияға 30 жас мамандар қатысты.
Бұл іс — шараның мақсаты балалармен, ересектермен бірге жүргізілетін практикалық әдістер мен жаттығуларды жас педагог – психологтарға үйрету.
Тәжірибелік сабақ барысында бірқатар ойын жаттығулары мен түрді әдіс – тәсілдер көрсетілді. Сонымен қатар әртүрлі жағдаяттар берілді. Сол жағдаяттардан қалай шығу керек, қиын жағдайда қалай дұрыс шешім жасау керектігі көрсетілді. Сондай — ақ қарым — қатынастағы жағдайлар мен қиындықтарды талдау қарастырылды. Бұл семинар жас педагог – психологтардың алдағы жұмыстары үшін жаңа тәсілдер мен идеяларға мүмкіндік берді.