Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 14 желтоқсан күні №72 мектеп-лицейінде 16-желтоқсан «Тәуелсіздік» күніне орай «Тәуелсіздікке тарту» атты «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы» аясында ашық тәрбие сағаты ата-аналармен, оқушылармен бірлесіп өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болуға тәрбиелеу, халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді еске алу, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тарту сабағы бірнеше бөлімнен тұрды: «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» таныстыру, «Deepface» әдісі арқылы Ұлы ғұламалардың сұрағына жауап беру, «Тәуелсіздік тұлғалары, нысандары» жоба қорғау, «Жеті жұрттың тілін біл» білімге, Тәуелсіздікке байланысты мақал – мәтелді жалғасытырып, үш тілде айту т.б.

Сабақтың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылардың ата – аналарына алғыстарын білдірді.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы

#Ата-аналарпедагогикалыққолдауорталығы

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған