«Озық тәжірибе – ортақ қадам»

«Әл-фараби» атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі», Астана қаласы «Балалар көркемсурет мектебі» ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларына арналған «Академиялық ұтқырлық» аясындағы «Озық тәжірибе – ортақ  қадам» атты  аймақтық семинар-практикумы болып өтті. Аталған шараға Астана, Ақтөбе, Өскемен, Екібастұз, Семей және Қарағанды қалаларының қосымша білім беру мекемелерінің делегаттары мен Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушылары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты.

Екі күнге жоспарланған шарада қосымша білім беру педагогтерінің білім беру кеңістігінің өзгерген жағдайында бейімделу, білім алушылардың басқа қосымша білім беру ұйымдарында оқытылатын пәндерден озық тәжірбие алмасу мақсатында «Қазақтың ұлттық өнері – ұлттың рухы», «Музыкалық бояу, оның ерекшеліктері»,«Шығармамен жұмыс және оның көркемдік бейнесі»,«Баланың музыкалық ойлау қабілетін дамыту формалары»,«Ел-іші, өнер кеніші»,«Балаларға бейнелеу өнерінің әсері»,«Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері»,«Балалардың шығармашылық дамуындағы хореографиялық тәрбиенің  рөлі» тақырыптарында домбыра, вокал, фортепионо, теория, театр, көркемөнер, дәстүрлі ән, хореография бойынша секциялық жұмыстар жүргізіліп, өзара тәжірибе алмасты.

Шараның басты бөлімі пленарлық отырысты Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің директоры Сәбиев Фархад Қабденұлы ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алғанҚР Оқу ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Низан Абылайхан Қанатұлы семинар-практикумның мәні мен маңызына тоқталса, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Әмірғалиев Жангелді Қуандықұлы Өнер мектебі мен Балалар көркемсурет мектебінің 40 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылып отырған шараның қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге тигізетін пайдасы туралы мол мәліметтер келтірді. Сонымен қатар әр өңірден келген қосымша білім беру ұйымдарының басшылары да өз әсерлерімен бөлісіп, ынтымақтастық жобасының берері мол деген пікірлерін білдірді.

Инновациялық педагогикалық тәжірибемен бөлісу мақсатында Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Кожабеков Дархан, «Күй әуендері» авторлық бағдарламасын, Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК фортепиано сыныбының педагогтері Мухамеджанова Жаннат Казжанқызы, Ердибаев Каримбек Гофорұлы авторлық жұмыстары, әндерімен таныстырып, балаларды тәрбиелеудегі өз ойларын ортаға салды.

Әр өңірден келген қосымша білім беру ұйымдарының басшылары академиялық ұтқырлық жобасы бойынша ынтымақтастық жұмыстарын одан әрі бірлесе жетілдіру үшін өзара меморандумға қол қойды.

Шара соңы секциялық жұмыстар бойынша марапаттау шарасына ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған