«LESSON STUDY» теориядан тәжірибеге ізденіс» атты қалалық семинар

2023 жылдың 13 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелікорталығы» МКҚК мен  № 76 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптардың жас мамандарына «LESSON STUDY» теориядан тәжірибеге ізденіс» атты қалалық семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты –  ынтымақтастық орта құру арқылы сабақты зерттеудегі іс-тәжірибемен бөлісу.

№76 мектеп-лицейінің директоры  Ботагөз Болатбекқызы алғы сөз сөйлеп, Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұржамал Кәрімбердіқызы «Сабақта қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қатысушылармен ой бөлісті. Семинар «Зерттеу сабақтары», «Постер қорғау», «Шеберлік сыныптар» бөлімдерінен тұрды. Іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге  Ж.Сақып, Г. Мошқал, Н.Исмайлова, М. Женисова, Л. Абдирова, А. Илесова, Осер Нина, Н. Утешкалиева, Н. Макажан, С. Жусупова, Ш. Ташеноваларға жас мамандар мен қатысушы педагогтер ризашылықтарын білдірді.Әдістемелік орталық әдіскері Н.Әзімбай семинарды қорытындылап, жас мамандарға сәттілік тіледі. Қатысушылар  семинардан алған әсерлерін кері байланыс арқылы жеткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған