Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының отырысы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мәжіліс залында 2023 жылғы 11 желтоқсан күні қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібі бойынша Орталықтың тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна қосымша білім беру педагогтері қауымдастығы мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу және оны бекіту, қауымдастықтың жұмыс жоспарын жасау, 2024 жылғы өткізілетін семинар мен байқаулар бойынша ұсыныстарды қарастыру мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын ұсынды және қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының төрағасын тағайындады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған