2023 жылдың 07 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен балалармен жағымды қарым-қатынасты орнатуда психологиялық білімді жетілдіру мақсатымен №90 МГ, №86 МГ 5-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған семинар-тренингтер өткізілді.
Тренингтер барысында бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, үйлесімді қатынас орнатуға бағытталған әдістер қолданылды. Ата-аналарға жағымды қарым-қатынасты құра білуге арналған бейнероликтер көрсетіліп, қосымша ақпарат алу үшін әдебиеттер ұсынылды. Іс-шара соңында кері байланыс алу мақсатында ата-аналармен сауалнама жүргізілді.
Ата-аналарға Астана қаласының аудандарында ашылған психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі туралы толық ақпараттар берілді. Тренингке қатысушы ата-аналар тарапынан жылы тілектер айтылып, психологиялық-консультациялық көмек алуға деген жоғары қызығушылық болды.