«Олимпиада есептерін шешудің тиімді жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық семинар

2023 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Алматы облысы, Қонаев қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің «Олимпиадалық есептерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: заманауи мектептегі математика, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың ғылыми ізденістер мен олимпиада есептерін тиімді жолдармен шешуін талқылау; сонымен қатар жас мұғалімдерге заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету.

Семинарды физика, математика, информатика пәндерінің ғалымдары мен отандық білім берудегі майталман мамандар жүргізді. Семинар бағдарламасында шебер – сыныптар, тренингтер, практикалық жұмыстар өткізілді.

Семинар барысында Академик Мұхтарбай Өтелбаев, №66 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, білім беру ісінің үздігі, математика ғылымдарының магистрі Тердікбай Күшәй өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға математикалық клубтың үздік педагогтері арасынан М.Берикбай, Н.Тұрсынғалиев, Ә. Қалибай және шығармашыл физика пәні мұғалімі Н.Алтаев, үздік информатика пәні мұғалімі С.Чукеева қатысып өз ойларын ортаға салды.

Алдағы уақытта осы семинардан алған тәжірибемізбен бөлісіу үшін қалалық семинар ұйымдастырылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған