«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің базасында 2023 жылғы 8 желтоқсан күні «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы бойынша жауапты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен отырыс өтті.

Отырыс барысында «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Дамира Ернаровна «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында 2023-2024 оқу жылына қалалық іс-тәжірибесімен бөлісетін мектептердің жоспарымен таныстырды. «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, олардың бойында жалпы адами құндылықтарды тәрбиелеуге, академиялық үлгерімді арттыруға, әлеуметтендіруге, кәсіби бағдарлауға, сыни ойлауды дамытуға, экологиялық мәдениетті, салауатты және қауіпсіз өмір салтының мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

№37, №8, №55, БИЛ (қыздар) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Мектептегі тәрбие процесін құндылықтарға негіздей отырып, әр ай сайын жоба бойынша отырыс өткізу жоспарланған.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған