Мінез-құлықты қорғау стратегиялары- кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігінің негізі

2023 жылдың 7 – 8 желтоқсан күндері Білім басқармасы мен Әдістемелік орталықтың қолдауымен «Право» қоғамдық қоры «Мінез-құлықты қорғау стратегиялары- кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына семинар-тренинг өткізді, семинарға 140 маман қатысты.

Семинар спикерлері- Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж. Алпысбаева, адвокаттар алқасының адвокаты Б. Мұратова, Астана қаласы Полиция департаментінің полиция майоры Н. Кусаин, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» педагогы А.Тұрымова, психотерапевт- дәрігері А. Ережеп, №6 қалалық емхана мектеп және мектепке дейінгі медицина бөлімінің меңгерушісі А. Абылқасова, «Жас Талап» жастар орталығының жетекшісі, психолог Л.В.Малиновский, Қалалық психикалық денсаулық орталығының психологы А.Балтабеков және сексолог, клиникалық психолог К.Попандопуло болды. Семинарда балалардың құқықтық сауаттылығының маңыздылығы және жастар денсаулық орталығында көмек алудың маңыздылығы, химиялық тәуелділік және жеке тұлға психологиясындағы девиацияның ерекшеліктері туралы айтылды.

Семинардың практикалық бөлімінде психологтар туындаған жағдайларды шешу тәсілдерін пысықтайтын кейстерді талдады. Педагог-психологтар «Право» қоғамдық қорының төрайымы О.В.Рылға, орынбасары Г.Е.Шонаеваға семинарда маңызды әдістемелік пайдалы ақпарат алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған