«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» атты қалалық оқыту семинар-практикумы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 8 желтоқсан күні №58 «Өркен», №47 «Ақ желкен» балабақшаларында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» тақырыбында қалалық оқыту семинар-практикумы өтті.

Іс-шара Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

№58 «Өркен» балабақшасында Сарыарқа, Нұра ауданы бойынша, № 47 «Ақ желкен» балабақшасында Алматы, Байқоңыр, Есіл аудандарының әдіскерлеріне өткізілді.

Семинар барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы сөз сөйледі.

Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде мектепке келген 1 сынып оқушысына қойылатын талаптар туралы Мағжан Жұмабаев атындағы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абилдаева Нагима Куанышбековна баяндады.

«Балабақшадағы тәрбие мен оқыту жүйесін әдістемелік қамтамасыз етудегі нормативтік құжаттар» тақырыбын № 47 «Ақ желкен» балабақшасының әдіскері Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы түсіндірді.

№11 «Гауһар» балабақшасының әдіскері Амирханова Айнур Амангелдиевна Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының талаптары туралы сөз сөйлеп, шебер-сынып өткізді.

№58 «Өркен» балабақшасының әдіскері Молдахметова Айгерим Темиртасовна «Мектепалды топтарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Семинар-практикум соңында рефлексия ұйымдастырылып, қатысушы педагогтер тиімді кері байланыс берді. Іс-шараға елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 90-нан астам педагогі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған