«Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы» отбасылық шежіре шеруі өтті!!!

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Тәуелсіздікке тарту ретінде №№ 49, 59, 60, 70, 74, 79, 92, 98 балабақшалар арасында «Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы» отбасылық шежіре шеруі өтті.

      Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әлеуметтік институттар жүйесінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту.

Салтанатты жиынға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына  сегіз отбасы: Саухановтар отбасы, Сериковтер отбасы, Жұмажановтар отбасы, Жұманазаровтар отбасы, Серік отбасы, Айтимбетовтар отбасы, Ибраевтар отбасы, Альшуриндер отбасы қатысты.

Іс-шарада балабақша бүлдіршіндері «Бейбітшілік» биін, «Құлпынай» биін, «Біз бақытты баламыз» әнін, «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

          Шежіре шеруінің нәтижесі бойынша қатысқан отбасылар «Мерейлі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Тату отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бақытты отбасы» «Тарихы терең отбасы» «Өнегелі отбасы», «Жарасымды отбасы» атты номинациялық дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұның қамтамасыз ету орталығының басшысы Мукушева Гульнара Омарбековна сөз сөйлеп, осындай кең ауқымды шежірелі шерулер арқылы балабақша бүлдіршіндері отбасылық құндылықты сақтауды дамытуды ерте жастан бойына сіңіріп өсетіндігіне тоқталып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 100 тәрбиешісі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған