2023 жылдың 7 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК №24 орта мектепте «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Шебер мұғалім-саналы ұрпаққа негіз болмақ» атты қалалық семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасуы.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н. «Шеберден тәлім» жобасының мақсатымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісетін шебер-педагогтердің еңбектері туралы айтып өтті.
Семинардың бірінші кезеңі – ашық сабақтар, екінші кезеңі- шебер сыныптар. Өз тәжірибесімен бөліскен бастауыш сынып ұстаздары: №24 орта мектептен М. Дегтярева, А. Свинаренко, Д. Жумабаева. №2 мектеп-гимназиясынан Л.Бекибаева, П. Баймухамбетова. №1 мектеп-лицейінен С. Ускенбаева.
Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Н. Әзімбай іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 72 мұғалім қатысты.