«Педагог шеберлігі – педагогикалық қызметті кәсіби басқару»

ҚР «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Педагог мәртебесі туралы»  заңдарына сәйкес  Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  бірлескен жоспары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен «Шеберден тәлім» жобасы аясында 2023 жылдық 7 желтоқсан күні сағат 8.30-да  Ы. Алтынсарин атындағы БИНОМ лицейінде қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Педагог шеберлігі – педагогикалық қызметті кәсіби басқару» оқыту семинары өтті.

Қала педагогтерінің белсенділігін, дербестігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін аттыру үшін қаладағы педагог-шебер ұстаздардың тәжірибесін тарату мақсатында Ы. Алтынсарин және А. Байтұрсынов атындағы BINOM  мектеп-лицейлерінің шебер қазақ тілі ұстаздары Хиналхан Кулай,  Жумабекова Айгерім Сертайқызы, Айкен Исатайқызы, Айгүл Ахметсапақызы ашық сабақтар беріп, коучинг өткізді.

            Айгерім Сертайқызының сабағы 11 «К» сыныбында «Мұнай өндірісі: пайдасы мен зияны» тақырыбында өткізген сабағы сабақ мақсатына сай оқушылар тақырып бойынша пәнаралық байланыста білімдерін көрсетіп, сыни ойлау, зерттеушілік дағдыларын дамыту,  кооперация, коллаборация, ашық қарым-қатынас ортасын құра білді. Педагог-шебер санатына қойылатын талапқа сай сабақта оқушылармен  зерттеу сұрақтарымен жұмыстар жүргізілді. Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгей дағдыларын дамыту тапсырмалары қамтылды.  Сабақта тарих, география, информатика, химия пәндерімен пәнаралық байланыс  жақсы жүзеге асты. Сабақта жасанды интеллект оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін тапсырмаға кіріктірілді.

            Хиналхан Кулай ұстаз 10 «Д» сыныбында    «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі. Шығармашылық жұмыс тақырыбында ашық сабақ жоғары деңгейде  өткізілді.   Шебер ұстаз өз сабағында оқушылардың білім,білік дағдыларын дамытып қана қоймай, шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын да көрсете алуына жағдай жасап, ашық қарым-қатынас ортасын құра білді.  Оқушылар сабақ барысында зерттеу жұмысы, сахналық қойылым  кезінде  алгебра, жаратылыстану,музыка пәндерімен пәнаралық  байланысты үйлесімді жүзеге асыра алды. Оқушылар сабақта бір-біріне тиімді кері байланыс берді. 

 Боканова Айгүл Ахметсапақызы «Қысқа мерзімді жоспар құраудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Сабақ барысында оқу мақсатына сай қысқа мерзімді жоспарды құрудың жолдарын тәжірибе барысында ұстаздармен бірлесіп, тиімді көрсетті. Жас мамандарға күрделі мақсаттардағы ерекше назар аударарлық тұстарына басымдық берді. Сабақ барысында ұстаздар қысқа мерзімді жоспарың бірнеше нұсқасын ұсынды, сабақ тартымды өтті.

Смаилова Айкен Исатайқызы өткізген коучингте қалыптастырушы бағалау тапсырмасын әзірлегенде ұстаздар сүйененетін құжаттарға, Блум таксаномиясы   оқу мақсатының ОДД сәйкестігін білу, тапсырма бағалау критерийіне, ОМ жеткізетіндей құрастырылатынына тоқталды. Сондай-ақ дивергентті ойлауға жетелеу, тапсырма құрастырғанда көңіл бөлу керек мәселелермен бөлісті. Оқу мақсаттарын ОДД  сәйкестендіру тапсырмасын орындадық және тапсырманың дескрипторын құрастыру үшін практикалық тапсырмалар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған