МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕТІН ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАРҒА ОҚЫТУ ВЕБИНАРЫ ӨТТІ

2023 жылғы 1 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы  Мемлекеттік аттестациядан өтетін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде өзін-өзі бағалауды зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Іс-шара барысында Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Тайтелиева Актолкын Битуовна білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізудің негізі бағыты мен талаптарын түсіндірді. Айта кетсек, мемлекеттік аттестациядан өту барысында білім беру ұйымдары білім саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне өзін-өзі бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оның ішінде оларды мемлекеттік аттестаттауды өткізудің жоспарланған мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей өздерінің Интернет-ресурстарында орналастыруы керек.

Сонымен қатар, Әдістемлік орталықтың Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ракижанова Айгуль Жакановна аттестация кестесі мен әдістемелік көмек көрсету бойынша ақпарат ұсынды.

Вебинарға жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған