2023 жылдың 30 қарашасында және 01 желтоқсанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» №№ 6, 70, 78, 91 мектептерінің орта және жоғары буын сынып ата-аналарына арналған семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты — отбасындағы балалармен табысты қарым — қатынас жасау үшін ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру.
Семинар-тренингтерде әдіскер-психологтар ата-аналарға мектептегі әрбір бала үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығы мен өзектілігін және осы бағыттағы бірлескен қызмет үшін ата-ананың келісімінің маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға әдістемелік орталықтың аясында ашылған «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінде» тегін консультациялар алу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді.
Ата-аналар семинарға белсенді қатысып, өздерінің оң пікірлерімен бөлісті және осындай іс-шараларға қатысуға қызығушылық танытты. Практикалық жұмыста ата-аналармен тренинг элементтерін пайдалана отырып, жаттығулар өткізілді, әсерлі бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ жасөспірімдердің мінез-құлқының ерекшеліктері талқыланды, отбасындағы балалармен оң қарым-қатынас орнатуға бағытталған ұсыныстар берілді.