Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету-бүгінгі заманның басты талабы. Сондай шараның бірі Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 1 желтоқсан күні №74 мектеп-гимназиясында өтті. Онда пән мұғалімдерінің сабақты ұйымдастыруына, оқытудың тиімді әдістеріне, формативті бағалауды дұрыс жүргізуіне, сабақтың мақсат-міндетіне мән беріліп, сәйкесінше әдістемелік көмек көрсетіліп, тиімді кері байланыс орнатылды. Әдістемелік күнде білім беру сапасын арттыруға байланысты маңызды ойлар айтылды. Мұндай тәжірибе алмасу білім беру сапасын арттыратынын кәміл сенеміз!