«Жас психолог мектебі» шеңберіндегі семинар-практикум

30 қараша 2023 ж. № 91 мектеп-гимназия базасында «Әдістемелік орталықтың» психологиялық сүйемелдеу бөлімімен «Жас психолог мектебі» аясында «Ата-аналар мен жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасындағы даулы жағдайлар» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар- практикумға 31 жас маман қатысты.

Іс-шараның мақсаты: тиімді коммуникация әдістемесімен таныстыру және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қажетті ата-аналар мен педагогтардың қарсылығымен жұмыс істей алу дағдыларына үйрету.

Семинар лекторлары Бен Фурманның «Дағдыны меңгеру» әдістемесін, эмоциялық шиеленісті азайту және жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін балалармен жұмыс жасайтын психотехниканы көрсетті. Сондай-ақ, «Тәлімгерлік сағат» форматында ЕБҚ балаларымен жеке жұмыс, кеңес беру ерекшеліктері, ата-аналармен жұмыс түрлерінің әртүрлілігі және педагог-психологтың қызметіндегі қиындықтарды жеңу бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілді. Жас мамандар әдістемелік көмек алғаны жайлы жағымды пікірлер қалдырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған