Мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «SEZIN» қосымшасы бойынша отырыс

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 29 қараша күні №8, №37, №59, №73, №81, БИЛ (ұл) директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және ата-аналар арналған мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «SEZIN» қосымшасы бойынша отырыс өтті.

Отырыс барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің математика мамандығының 1-курс докторанты Карипова Айдана Талғатқызы, мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «SEZIN» қосымшасымен таныстырып өтті. Мақсаты: мектеп жасындағы қыз балалардың бойына ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім дарыту арқылы қазіргі заманға сай қыз бала идеалын қалыптастыру, бағыт-бағдар беру және қолдау.

Мобильді қосымша контенті кітаптар, психологиялық тесттер және психолог маманмен онлайн кеңестер алу, кәсіби білім беру, күнделік жүргізу, мотивациялық сөздер, «Beauty» кеңестер т.б. қамтиды.

Отырыс соңында мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «SEZIN» қосымшасына қатысушылар ұсыныстарын айтып, толықтыруды сұрады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған