«Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» атты қалалық семинар

2023 жылдың 30 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  №63 мектеп-гимназиясында жас мамандарға арналған «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

          Іс-шараның мақсаты жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдану, оқушылардың шығармашылығын арттыру.

Мектеп директоры Мәди Серікұлы бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктерімен таныстырып өтті.  Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н. «Сабақта қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында  ой бөлісті.

Семинардың бірінші кезеңі – ашық сабақтар, екінші кезеңі- шебер сыныптар, үшінші кезеңі- жобалармен жұмыс болды. Өз тәжірибесімен бөліскен бастауыш сынып ұстаздары: Б. Алпысбаева,  Г. Ергалиева, С. Султанова, Н.Кайназарова, Г. Рахимбекова, А. Наурызбаева, Ж.Балдикова, Б. Кирикбаева.

          Шеберлік сынып көрсеткен ұстаздар: М.Смагулова, С. Мордакова, М. Дамет, М. Бейбитова, Г.Кенжегаренова.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында 4- сыныптарға «Бала Абай» жобасы енгізілген. Мектеп кітапханасында «Асыл  сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Оқушылар ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін әдемі нақышпен оқыды. Абайдың балалық шағынан сахналық көрініс сомдалды. «Салауатты тамақтану» жобасы бойынша 2-4 сыныптар арасында «Жемістер фестивалі»   атты шеру көрсетілді.

Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Н. Әзімбай іс-шараны қорытындылады. Педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 92 жас маман қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған