Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының отырысы

Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы»  МКҚК  №92 мектеп-лицейінің базасында 2023 жылғы 30 қараша күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібі бойынша Орталықтың тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу және оны бекіту, буллингтің алдын алу бойынша іс-шаралар, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қауымдастығының жұмысжоспарын жасау, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына арналған әдістемелік ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында  қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын ұсынды және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының төрағасын тағайындады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған