2023 жылғы 29 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі № 85 мектеп-лицейінде тәрбиеленушілерді мектепке бейімдеу мәселелерінде педагогтердің психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, кәсіби дамуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды сынып, топтарының педагогтеріне «Балаларды мектепке бейімдеу кезеңінде педагог пен ата-ана және психологтың өзара әрекеті» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы қатысушыларды ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырды. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Исабекова Айжамал Керимбековна «Балалардың мектептегі оқу жағдайына бейімделуін психологиялық қолдау» тақырыбында сөз сөйледі. № 18 орта мектептің мектепалды сынып педагогі Мажиг Баршынгул «Баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі педагогтің рөлі» тақырыбында істәжірибесімен бөлісті.
№ 41 «Балдырған» балабақшасының психологі Алина Айзада Елтаевна «Балалардың мектепке дайындығын Н. Семаго әдісі арқылы анықтау» атты шебер-сынып көрсетті.
Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға 90-ға жуық елордалық мектепалды сыныптар мен топтардың педагогтері қатысты.