Авторлық бағдарлама әзірлеу талаптары

Астана қаласы әкімшілігінің МКҚК «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 29 қарашасында №26 мектеп-гимназияда «Авторлық бағдарлама әзірлеу талаптары» тақырыбында білім ұйымдарының химия пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – авторлық бағдарламасын құруға әдістемелік көмек көрсету. Семинар аясында әдіскер Р.Бағаналинова педагогтердің педагогикалық іс-тәжірибелерінің негізгі кезеңдері және тарату түрлерімен таныстырды.

Семинар жұмысына Айтжанова Жаныл Маратовна, Тулентаева Салтанат Бакытжановна, Байгонова Галина Кемербаевна, Окружко Снежана Николаевна, Хасанова Гульзира Жумагалиевна, Сайлиханова Манат Бахытовна белсенді қатысты.

Спикерлер авторлық бағдарламаларын құру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс шараға мектеп білім беру ұйымдарының 25-ге жуық педагог мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған