Музыка жетекшілері ассоциацияларының семинары өтті

2023 жылының 29 қараша күні №52 «Еркетай» балабақшасында Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының музыка жетекшілеріне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық іс-әрекетінің әртүрлі түрлерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар өтті.

№52 «Еркетай» балабақшасының музыка жетекшісі Жумабекова Майра Еслямовна «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық және ойын әрекетіндегі шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама оқып, ойын барысында баланың ойлауы мен қиялы, эмоциясы, шығармашылық қабілетінің белсенділігі айқын көрінетінін, ойын кезінде бала өзін қоршаған ортаны танып біледі және сол арқылы баланың қиялы, ойлау қабілеттері дамып, әлеуметтік қасиеттері қалыптасуын айтып сол бағытта өзінің шығармашылық қорынан жинаған ойындармен таныстырды.

№21 «Гүлдер» балабақшасының музыка жетекшісі Лебедева Наталья Ивановна «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы музыкалық ойынның рөлі» тақырыпта баяндама оқып, музыка жетекшінің міндетінің бірі – балалардың шығармашылық қабілеттерін музыкалық ойындар арқылы қолжетімді түрде дамыту және музыкалық сабақтардан тыс ойын әрекеттерін ынталандыруын айтты.

№35 «Ертегі» балабақшасының музыка жетекшісі Жапарова Қарлығаш Құдайбергеновна жиналған педагогтармен «Шығармашылық шеберхана» шебер сыныбын өткізді. Шебер сыныбында балалармен тыныс алу жаттығулары, саусақ ойындары, артикуляциялық гимнастика және музыкалық терапияны күнделікті жұмыста қалай қолдануға болатынын көрсетті.

№13 «Тұлпар» балабақшасының Русакова Алена Алексеевна «Музыка жетекшілерге арналған лайфхактар» тақырыпты баяндамады. Оның барысында мұғалімдер балалардың музыкалық қабілеттерін дамытудың дәстүрден тыс технологияларымен және әдістерімен таныстырды. Жаңа технологиялардың ең қызықтысы бизиборд тақтаны құру идеясы болды. Және музыка сабағында клавесы қолданудың жаңа әдіс-тәсілдері көрсетіліп, ата-аналарға шулы қоңырауларды жасау технологиясы айтылды.

Семинар соңында рефлексия өткізілді, онда педагогтер кері байланыс беруге, өз әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған