TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері мектептегі білім беру сапасының индикаторы

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен №54 мектеп-лицей базасында «TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері мектептегі білім беру сапасының индикаторы» тақырыбында Астана қаласының химия, биология, география пәндерінің педагогтеріне қалалық оқыту семинар өтті.

Іс-шарада № 66 мектеп- лицейінің география пәні мұғалімі Б. Тобықова, Б.Нуртазина, М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі С. Жокелова, №54 мектеп-лицейінің биология пәні педагогтері Қ.Бауыржан, Қ.Тұмарбаева өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған инновациялық стратегиялар мен оқыту технологияларын қолдану есебінен педагогикалық практиканы жақсарту жолдарын белгіледі. Сондай-ақ, өз сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін практикада қолдануды талқылауға мүмкіндік алды.

Семинар қорытындылау кезінде қатысушылар жағымды пікірлер қалдырып, осындай семинар, коучингтер көбірек ұйымдастырылса деген ұсыныс айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған