2023 жылдың 24 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен балалармен жағымды қарым-қатынасты орната білуде психологиялық білімді жетілдіру мақсатында №71 мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Топтық жұмыс барысында әдіскерлер отбасының бірігуі, жасөспіріммен бірлесе жұмыс істеуі, ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынасты орната білуіне аса назар аударды.
Сонымен қатар, біздің қаламыздағы бес аудан бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан, психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі туралы толық ақпарат берілді.