Оқушылардың тұлғалық дамуына арналған техникалар

2024 жылдың  24 қараша айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектеп психологтарына әдістемелік көмек ретінде №71 мектеп-лицейінің 5 «қ» және 6 «ғ»  сынып оқушыларымен  қызықты ойындар өткізілді.

        Балалармен тұлғалық дамуға қатысты, өзіндік сенімділігін арттыру және өзін-өзі қабылдауға байланысты, қоршаған әлемге жағымды қатынас пен өзгелерді қабылдауға арналған, жауапкершілікті қалыптастыратын топтық жаттығулар жүргізілді.

       Балалалар шараға белсенді қатысып, ашық ойларын айтып, қарым-қатынасқа еркін түсті.

        Ал мектеп психологтарына әдістемелік ұсыныстар мен іс-шараның әзірлемелері өзге де сыныптарда тренингтер жүргізу үшін  берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған