Оқушыларға арналған «Тұлғалық даму тренингі»

2023 жылдың 24 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері

№ 60 мектеп-лицейінде оқушыларға арналған «Тұлғалық даму тренингін» өткізді. Қатысушылар саны:81оқушы.

Тренингтің мақсаты: тұлғалық потенциалды дамыту, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау, шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қасиеттерін дамыту, ұялшақтық, тұйықтық қасиеттерін түзеу.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина тренинг барысында оқушылардың өзін-өзі тануын, сенімділікті арттыру, өмірлік міндеттерді сәтті шешуге үйрету және қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруге арналған жаттығулар жүргізді.

Жаттықтырушы толыққанды өзін-өзі көрсетуге кедергі келтіретін психологиялық қайшылықтарды еңсерудің әдістерін көрсетті. Қатысушылар өз – өзіне сараптама жасау арқылы өзін танудың практикалық дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды.

Тренинг соңында басқа адамдардың эмоционалдық жағдайларын (эмпатия) бағалау,түсіну және коммуникативтік дағдыларды игеру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Қатысушылар эмоционалдық жағдайлары жақсарғанын көтеріңкі көңіл-күйлерімен білдіріп, іс-шараның тұлғалық даму барысында маңыздылығын жоғары бағалады және одан әрі жалғастыруға өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған