2023 жылдың 24 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері
№ 60 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған «Ата-ана және жасөспірім -жағымды қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингке: 50 ата – ана қатысты.
Мақсаты:ата-аналардың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттыру және балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді дағдыларын дамыту.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина семинар-тренинг барысында ата — ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін атап өтіп, бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасты, балаға деген жауапкершілік сезімді қалыптастыруға арналған психологиялық жаттығулар жүргізді.
Ата — аналарға қарым — қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған бейне
материалдар ұсынылды.
Тренингтің барлық элементтері семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, ата-аналар мұндай кездесулердің балалармен оң қарым- қатынас орнатуда зор маңыздылығын атап өтті.