2023 жылғы 23 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» № 27 мектеп-лицейінің 7-11 сынып ата-аналарына арналған семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты — отбасындағы балалармен табысты қарым — қатынас жасау үшін ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру.
Іс-шараны №27 МЛ директоры К.С. Байсалбаев ашып, ата-аналарға заманауи баланы тәрбиелеу мәселелерінде психологиялық-педагогикалық ағартудың маңыздылығын атап өтті. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г. К. Капанова, ата-аналарға жолдауында мектептегі әрбір бала үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығы мен өзектілігін, және осы бағыттағы бірлескен қызмет үшін ата-ананың келісімінің маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға әдістемелік орталықтың аясында, «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттеріде» тегін консультациялар алу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді.
Ата-аналармен практикалық жұмыста тренинг элементтерін қолдана отырып жаттығулар өткізілді, жасөспірімдермен жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған ситуациялық тапсырмалар талқыланды, әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар белсенді қатысып, жағымды әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.