Оқыту сапасын арттыру кепілі

Астана қаласы әкімшілігінің МКҚК «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 17 қарашасында №79 мектеп-лицейінде «Оқыту сапасын арттыру кепілі» атты білім ұйымдарының «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – мектеп педагогтеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту теориялық білімдерін жетілдіруде және педагогикалық шеберлігін арттыруда практикалық көмек көрсету. Бағаналинова Раушан Болатқызы әдіскер «Жаһандық құзыреттілік» курсты оқыту мазмұнымен таныстырды. Семинар жұмысына №79 мектептің белсенді ат салысқан мұғалімдері: директордың БО жөніндегі орынбасары Байсакалова Б.И., тарих пәнінің мұғалімдері Кисабекова А.А., Аленова Н.Т., мектеп психологтері Кауысова Г.А., Апсат С.С., Уаисова С.К. , әлеуметтік педагог Нурсейтова А.Т. Семинар барысында сайыс, коучинг, «Халық бірлігі – ұлы күш», «Ғаламтордағы құқықтар», «Отан мен үшін …» тақырыптарына ашық сабақтар көрсетілді. Семинар соңында қатысушылар ашық диолог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Іс шараға мектеп білім беру ұйымдарының 160-ке жуық педагог мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған