«Мамандығым – мақтанышым» атты  қалалық оқу семинары

Астана қаласы Әдістемелік орталығыныңжоспарына сәйкесжәне мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының жас мамандары мен мектепалды сынып педагогтерінің кәсіби  дамуына  әдістемелік көмек көрсету, ұйымдастыру қызметін жүргізу әдістемесін жетілдіру  мақсатында 2023 жылғы 23 қараша күні №38 мектеп-лицейінде «Мамандығым – мақтанышым» атты  қалалық оқу семинары өтті.

 Басқосу барысында Әдістемелік  орталықтың «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің  әдіскері Түймебай Арайлым Мейрбекқызы іс-шара  мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

Койбагарова Куан Назаровна Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі психология және жеке әдістемелер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі «Шеберден тәлім: болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру ұйымдарының педагогтеріне кәсіби мамандарды қай бағытта дайындап жатқаны бойынша, жалпы өзінің мамандығының жетістігі барысында дайындағын «Жапсыру 3+» әдістемелік құралының, «Сурет салу 5+»  ОӘК авторлық кітапшаларымен таныстырып өтті.

Жакипбекова Жазира Нургаракызы  мектепке дейінгі «Үздік әдіскер» республикалық байқауының жеңімпазы «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында сөз сөйлеп, педагогтерімізге әдістемелік ұсынымдарын айтып, өзінің іс-тәжірибесіндегі іс-әрекет, жасалған іс-шараларымен бөлісіп кетті.

Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы  мектепке дейінгі «Үздік әдіскер» қалалық  байқауының жеңімпазы «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында сөз сөйлеп, өзінің іс-тәжірибесіндегі жетістіктерімен бөлісіп өтті. Әрқашанда өз мамандығының, шебері болуға болатынын тілге тиек етіп, педагогтерімізді жігерлендіріп жіберді.

Асылбекова Гульнара Кариполлиновна   мектепке дейінгі «Үздік педагог» қалалық  байқауының жеңімпазы «Заманауи мұғалім-шығармашыл ұстаз» өзінің авторлық «Ертегілер еліне саяхат» авторлық жобасымен таныстырып, «Ұстаз бен шығармашылық егіз ұғым» тақырыбында педагогтермен музыкалық қойылым көрсетті.

Түймебай Арайлым Мейрбекқызы, Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері  «Креативтілік-педагог қызметіндегі басты қасиет» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.  Жас мамандармен жұмыс жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған