«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАРА АҚЫНЫ» ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

2023 жылдың 22 қараша күні   Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталық әдіскері Маман Жанар Сейдахметқызының сүйемелдеуімен М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы қала көлемінде 30 мектеп енген  «Бала Абай» эксперименттік алаң бойынша  «Ұлы даланың дара ақыны» практикалық семинарын өткізді.

«Бала Абай» бағдарламасын бастауыш сыныпта енгізудегі тәжірибесімен бөлісу мақсатында семинарда бастауыш сынып мұғалімдері Шайдарханова Назерке Ержанқызы  1 «Ә» сыныбында  «Әже өнегесі», Рахметова Балзира Талғатқызы  1 «Д» сыныбында «Абайдың балалық шағы»,  Ибраева Гүлсезім Дастанқызы 3 «Д» сыныбында  «Қазақтың ұлттық ойындары», Жаңбыр Аружан Жаңбырқызы  2 «Д» сыныбында «Табиғат лирикасы», Тұртаева Розаайым Тұрғынқызы  3 «А» сыныбында «Абай өлеңдері туралы жалпы түсінік»,   Аханова Гүлнар Аманжоловна  2 «Е» сыныбында «Ахмед оқыған Ахмед-Риза» медрессесі» тақырыбында ашық сабақтар көрсетсе, Молдалиева Жанар Шүкіралиқызы «Ұлы даланың дара ақыны /әдеби-поэзиялық кеш/,         Ибраева Гүлсезім Дастанқызы «Мұхтар Әуезов шығармашылығы мен кабинетін таныстыру» атты сабақтан тыс іс-шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталық әдіскері Маман Жанар Сейдахметқызы «Бала Абай» курсының жүргізілуі мен ерекшелігіне тоқталса, Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясының мұғалімі Данияр Ихсан аталған эксперимент бойынша өз іс-тәжірибесімен алмасты.

Семинарға қала бойынша 80-нен астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, алған оң әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған