№91 «Еңілік» балабақшасындағы әдістемелік күн

2023 жылғы 22 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі әдіскерлері №91 «Еңілік» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік күн өткізді.

Мақсаты: педагогтерге ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А. Ракижанова аталған басқосудың мақсатын таныстырып, білім беру процесін табысты іске асырудың шарты ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру туралы айтып өтті.

Әдістемелік күн барысында «Балдаурен» мектепалды тобының тәрбиешісі Райсова Ақмарал «Дәрумендер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.

Орталық әдіскерлері іс-шара аясында ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша педагогтерге кері байланыс беріп, әдістемелік көмек көрсетті. Тәрбиешілердің перспективалық жоспар және циклограмманы жазу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Әдістемелік күн аясындағы жұмыс жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *