«Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДАҒЫ «ОЙ ТАСТАУ, ОЙЛАНТУ, ОЙЛАУ»

21.11.2023 күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маман №72 және №64 мектеп-лицейлері жанынан ашылған «Құрмет» ордені иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, құрметті профессор, академик   Қ.О.Бітібаеваны оқу-әдістемелік кабинеті мен зертхана филиалының ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара ұстазы» атанған  Қ. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының қолданыстағы білім беру мазмұнымен үндестігі» тақырыбындағы қалалық оқуыту  семинарын өткізді.

Қ. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы «Ой тастау, ойланту, ойлау» инновациялық технологиясымен таныстыру, технологияның білім мазмұнымен үндесітігін аша отырып, ұстаздардың өз іс-тәжірибелерінде қолдануға бағыт-бағдар беру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіншілік жасау мақсатындағы ұйымдастырылған семинарды  мектеп басшысы Дюсенова Айман Жумагалиевна ашып, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы 2023 жылғы  қарашаның 9-ы күнгі №129 бұйрығына сәйкес «Қ. Бітібаева әдістемесі» жұмыс тобының тұжырымдамасының мақсат-міндеттері, бағыты мен жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

 Ұстаз шәкірті  Адилбекова Жанар Советхановнаның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының білім мазмұнымен үндестігі» тақырыбындағы коучингімен ұласты. Коучинг барысында «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы туралы теориялық білімді мұғалімдер өз бетімен ала отырып, бүгінгі ҚМЖ құруда қалай жүзеге асыруға болатындығын тәжірибе жүзінде меңгерді.

Сонымен қатар «Тәжірибе алаңы» бөлімінде №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Темиржанова Меруерт Әсетовна, Шайхина Жазира Габдуллаевна «Инновациялық технологияларды қолдану – білім сапасын көтерудің негізі», Шайсұлтанова Сажида Қожахметовна, Көпбаева Жанар Ордагуловна «Қ. Бітібаева «Ой тастау, ойланту» технологиясы мен заманауи оқыту платфоромаларын қолдану арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту», №64 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Букенова Гаухар Асканбековна, Жусупбекова Акнур Малайдаровна «Көркем шығармадағы образды талдауда Қ. Бітібаева әдістемесін қолдану» Жусупбекова Динара Батыровна, Баймуратова Бану Алимжановна «Әңгімелерді оқытуда проблемалық талдау әдістерін қолдану» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарын көрсетіп, келген ұстаздардың алғысына бөленді.

Семинар соңындағы кері байланыс кезінде ұстаздар тарапынан осы басталған шығармашылық топ жұмысының жалғасын тауып, ұстаздардың Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша «Әдістемелік қоржын» жасалып, оқыту курстарымен жалғасын тапса деген ұсыныстар тасталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған