Білім беру ұйымдарының басшыларына ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 20 қараша күні №8 мектеп-лицей базасында Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттің 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енген білім беру ұйымдарының басшыларына ақпараттық-әдістемелік семинар өткізілді.

Шара барысында Әдістемелік орталықтың орынбасары А.К. Мұхамеджанова жалпы білім беретін мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу форматының ерекшеліктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, №8 мектеп-лицейінің директоры А.Айтимова, мектеп директорының орынбасарлары М.Ермағанбетова, А.Алимкулова, А.Рәт, П.Хасенова, Қ.Сапиев, Л.Қаратаева, А.Алимкулова аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік –құқықтық құжаттардан бастап тексерілетін құжаттар тізбесіне тоқталып, сайтқа іс-құжаттарды жүктеу тәртібін көрсетті. Семинарға қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді. Жалпы ақпараттық-әдістемелік семинарға 40 білім беру ұйымының басшылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған