2023 жылдың 17 қараша айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК №17 мектеп-гимназиясының 5 «ФК» және 6 «ФК» сынып оқушыларымен психологиялық іс –шаралар ұйымдастырып, өткізді.
Балалармен тұлғалық дамуға, өзіне сенімділік, жағымды ойлауды қалыптастыру, өзін және өзгені қабылдай алуға байланысты топтық жаттығулар жүргізілді.
Балалалар іс- шараға белсенді қатысты, ойларын ашық айтып, қарым-қатынасқа еркін түсе білді. Тренинг соңында оқушылар кері байланыс беріп, жағымды эмоцияларымен бөлісті, іс-шараларды өзге де сыныптарда жүргізу үшін мектеп психологтарына әдістемелік ұсыныстар берілді.