From Basics to Brilliance: Functional Literacy Workshop

2023 жылғы 16 қараша күні сағат 9.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Binom-School мектеп-лицейі базасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «From Basics to Brilliance: Functional Literacy Workshop» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты: ағылшын тілі педагогтерінің кәсіби дағдыларын арттыруға, оқыту әдістері және білім берудегі соңғы тенденциялардан хабардар болуға мүмкіндік беру

  Семинар барысында ашық сабақ, воркшоп және тимбилдинг шаралары өткізілді. Happy Union ұйымының негізін қалаушысы Акаш Патель, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Орак қатысты. Практикалық бөлімінде спикерлер берілген тақырыптарда өздерінің практикадағы өздік әдістемелерімен бөлісті.

Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық,нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған