2023 жылдың 17 қараша күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №32 мектеп-гимназиясы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Әдіскерлер барлық пән бойынша 44 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасалды.
Әдістемелік күннің 2 бөлімінде Орта білім беру басшысы Ақбота Бақытқызы «Сабақта тиімді мақсат қою» тақырыбында пән мұғалімдерінің сабақты ұйымдастыруына, сабақты тиімді жоспарлау бойынша шебер-сынып өткізді. Әдістемелік орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Гүлжазира Бекболатқызы «Гуттман диаграммасы» тақырыбында, №93 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Кенжалина Айжан Сейтказиновна, Бегенова Загипа Болатовна «Құндылықтарға негізделген білім бере отырып, математика пәнін оқытудың әдіс — тәсілдері» тақырыбында сөз қозғады.
Оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, тиімді кері байланыс орнатылды.