№ 54 мектеп-лицейінің әкелермен кездесу

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабиентінің мамандары және № 54 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысының орынбасарлары, педагог- психологтарымен бірлесіп, 2023 жылдың 10 қарашасы күні «Әкелер мектебін» құру мақсатында шақырылған елордалық әкелермен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп оқушыларының 200 жуық әкелері келді. Кездесуде «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Бүгінгі бала, ол қандай?» тақырыптарында таныстырылым жасалып, заманауи балалардың психологиялық ерекшеліктері, олармен ата-ананың жағымды қарым -қатынасты құру ережелері мазмұндалды. Баланың мінез -құлқында және ата-анамен бала арасында қандай да бір қиындықтар болған жағдайда «Әдістемелік орталығы» МКҚК жанынан ашылған психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабинеттерінің мамандарына жүгініп, көмек алуға болатыны жайлы ақпарат беріліп, кеңес алуға шақырылды. Қазіргі баланың психологиялық ерекшеліктері, тәрбиесі жайлы толғандыратын сұрақтарға жауап берілді. «Бала тәрбиелеудің он ережесі» ұсынымдары таратылды.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.М.Мукашевтың басшылығымен іс – шара «Әкелер мектебі» жобасын құру бойынша жалғасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған