Оқушылармен өткізілген психологиялық іс -шаралар

2023 жылдың 9 қараша айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен күнделікті өмірде психологиялық білімді қолдана алу дағдыларын жетілдіру мақсатында №85 мектеп-лицейінің 5 «б» және 6 «д» сынып оқушыларымен психологиялық қызықты ойындар мен жаттығулар өткізілді.

Ойындар мен жаттығулар балалардың тұлғалық даму, өзіне деген сенімділік, достық пен адамгершілік қасеттерді қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар шараға белсенді қатысып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Олар кері байланыс беріп, өздеріне қатты ұнағанын білдіріп, осындай іс-шараның қайталануын сұрады.

Алдағы уақытта Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен осындай іс-шаралар басқа да мектептерде жүргізілетін болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған