«Үздік жас педагог» қалалық байқауы

Астана қаласының техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарындағы жас оқытушылардың әлеуметтік-кәсіби бейімделуін ұйымдастыру, кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдіру үшін жағдай жасап, жеке кәсіби шыңдалуына ықпал етуге бағытталған іс-шаралар «Әдістемелік орталық» МКҚК тарапынан жүзеге асырылатын «Жастар лигасы» жобасында көрініс тапқан.  Жоба аясында соңғы жылдары ұйымдастырылып отырған  «Үздік жас педагог» қалалық байқауына қатысушылардың саны жылдан-жылға артуда. Мәселен, 2020-2021 оқу жылында – 7 колледжден 10 педагог,  2021-2022 оқу жылында – 11 колледжден 19 педагог, 2022-2023 оқу жылында – 15 колледжден 25 педагог қатысты.

 Биылғы оқу жылында «Үздік жас педагог» қалалық байқауына 19 колледжен 32 жас педагогтер өтініш берді, бұл Астана қаласы ТжКББ ұйымдарындағы жас педагогтердің 11,3%  құрайды (жалпы 284 педагог, оның 181 алғашқы рет педагогикалық қызметке кіріскендер). 

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – екі кезеңмен, яғни қашықтықтан және тікелей қатысуымен өткізілуінде. Байқау материалдары толық жүктелмегендіктен 4 жұмыс байқауға жіберілмеді.  Байқаудың қашықтықтан өткізілген кезеңіне 28 педагогтің жұмыстары сараптамадан өтіп, тікелей қатысу кезеңіне 7 педагог іріктелініп, алға шықты.

«Үздік жас педагог» қалалық байқауының ақтық кезеңі 2023 жылдың 9 қарашасы күні Техникалық колледж базасында өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі Дипломмен Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінің оқытушысы Мырзалиева Ақерке Қалдыбекқызы, ІІ дәрежелі Дипломмен Менеджмент, бизнес және білім колледжінің оқытушысы Аманова Кымбат Қуандықовна марапатталды. ІІІ дәрежелі Дипломға Сервис және туризм колледжінің оқытушысы Мейрім Бекзат Қайратұлы, «Астана Профи» колледжінің оқытушысы Тұрдыбек Аят Амансарыұлы, Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінің оқытушысы Оразалина Адия Эратовна ие болды.

Байқаудың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары, ақтық кезеңінің қатысушыларына Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК тарапынан ынталандыру сыйлықтары және «Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ тарапынан байқау қатысушыларына ақшалай сыйақы берілді.

Фото

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған