Дене шынықтыру нұсқаушылары ассоциациясының семинары өтті

2023 жылғы 26 қазан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби дамуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың қозғалыс белсенділігін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» атты қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «Арнайы бейімделген спорттың пайдасы», «Мектепке дейінгі ұйымдағы дене шынықтырудың жаңа бағыттағы ойындары», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балаларының қозғалыс белсенділігінде дәстүрлі емес жабдықтарды қолдану», «Қозғалмалы ойындар арқылы балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту», «Квест-ойын, дене шынықтыру-спорттық бағыттағы инновациялық технология ойындары» тақырыптарда спикерлер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылармен психологиялық ойын жаттығулары өткізіліп, кері байланыс жүргізілді.

Іс-шараға мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған