Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті. Ендеше, ұстаздарға үлкен жүк артылып отыр. Осы істі атқаруда, кездескен түйткілдерді шешуде Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Мұратқызының бастамасымен «Профессор сабағы» жобасы қолға алынған еді. Бұл жобада жоғары оқу орындарының ғалымдары  Н.А. Оразахынова, А.И. Қайырбекова, Б.Қ.Игенбаева, Қ.Қ. Рахимжанов, А.Б.Бадел, В.Ф.Васильевич, Ф.Н.Жұмабекова, С.Б. Жұмағұлов, А.Ы.Шамахова білім беру ұйымдарында сабақтар өткізіп, білім деңгейін көтеруге атсалысып келеді.   

Міне, бүгін орталықтың әдіскерлері №91 мектеп-гимназиясында «Профессор сабағы» жобасының ғалым-ұстаздарымен, Білім басқармасының басшыларымен білім сапасын көтеру мақсатында кездесу өткізді. Онда осы саланың майталмандары қазіргі білім жүйесіндегі қордаланып жатқан мәселелерді көтеріп, пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын да айтты. Олардың сөйлеген сөздерінде білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз деген ой жатыр. Бүгінгі ұрпаққа ұлттық менталитетімізді білім нәрімен сіңіргісі келетін озат ойлы тәжірибелі педагогтер басшыларымен келісе отырып, өз­дерінің идеяларын қоғамдық ке­ңес­ке жолдайтындарын сөз етіп, кездесуді қорытындылады. Жиын соңында ғалым-ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру елдің дамуының, экономиканың өсуінің, тұрақтылықтың негізгі шарты екені баршаға мәлім.  Осы мақсатта  «Профессор сабағы» жобасы өз жұмысын жалғастыра береді. Жобада еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға алғысым шексіз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған