ЖАС ПСИХОЛОГТАР МЕКТЕБІ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Астана қаласының Әдістемелік орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2023 жылғы 24 қазан күні орта білім беру ұйымдарының жас маман педагог-психологтарына арналған «Психологиялық сүйемелдеу топ контингентін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысандары мен әдістері» тақырыбында оқыту семинар-практикум өткізді.

Семинар мақсаты – жас маманның кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету, әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар-практикум барысында психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы жас мамандарға психологиялық сүйемелдеу тобының балаларын өнімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысандары мен әдістері бойынша шебер-сынып өткізді.

Әдістемелік орталық әдіскері жас психологтарға позитивті ойлау дағдыларын дамыту, іс-әрекетке ынталандыру және жетістікке жету үшін «Өмірде күлімсіреп» атты мотивациялық тренинг өткізді.

Іс-шараға мектептің 32 педагог-психологтары қатысты. Семинар соңында рефлексия өткізіліп, қатысушылар кері байланыс беріп, оң пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған