«Алгоритм разработки заданий СОР и СОЧ» атты қалалық семинар-тренинг

2023 жылдың 19 қазан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен  №89 мектеп-лицей  бастауыш сыныптардың жас мамандарына «Алгоритм разработки заданий СОР и СОЧ» атты қалалық  семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты –  мұғалімдерді жүйелі түрде өз білімін көтеруге тарту және кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

№89 мектеп-лицейінің оқу-ісі орынбасары Шынар Баймолда алғы сөз сөйлеп, мектеп психологі А. Сапаргалиева жас мамандармен тренинг өткізді. Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Н.К. Әзімбай мен Р.С.Бапишева «Критериалды бағалау» атты тақырыпта қатысушылармен ой бөлісті. Сондай-ақ «Жас мамандарға арналған кеңестер» атты тақырыпта түсіндіру жұмысы өткізілді.Семинарды мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самиева Алма Ермековна жүргізді.Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері 5 топқа бөлініп, жас мамандарға әр пәнге түсіндірме жұмыстарын жасады. Іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге К.Асанова , В. Исаева, Г.Муратбекова, К.Макажанова, А.Тасырова, Г.Жамбуршина, Ж.Султанова, Б.Сембаева, Б.Жетписоваларға жас мамандар ризашылықтарын білдірді.Әдістемелік орталық әдіскерлері Н.К.Әзімбай мен Р.С.Бапишева семинарды қорытындылап, жас мамандарға сәттілік тіледі. Қатысушылар  тренингтен алған әсерлерін кері байланыс арқылы жеткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған