Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Тарихқа бастар бір қадам» қалалық ғылыми-практикалық конференциясы Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжінің базасында өткізілді.
Конференция жұмысы «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: дәстүрлер мен новациялардың өзара әрекеттесуі», «Қазақстанның болашағы: дамудың әлеуметтік-экономикалық векторлары», «Ғылым мен инновация – заманауи білім негізі, Тәуелсіздіктен бастау алған ұрпақ: фактілер мен зерттеулер» атты төрт бағытта ұйымдастырылып, әр бағыт бойынша колледж педагогтері мен студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Іс-шараның барысында тарихшы-моделист, гуманитарлық ғылымдар магистрі Абдрахманов Серік Амангелдіұлының ұсынған «Өнер — өмір өрнегі, тарихтың өшпес іздері» көрмесі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, ғылым мен өнер арасындағы тығыз байланысын паш етті.
Конференцияға 100-ден аса адам қатысты.