«Физика пәнінен тапсырмалар әзірлеу және сараптама жасау тәжірибесі» тақырыбында ұйымдастырылған оқыту семинар туралы ақпарат

2023 жылғы  18  қазан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Физика пәнінен тапсырмалар әзірлеу және сараптама жасау тәжірибесі»  тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті.

Семинар барысында спикерлер      өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға  45 қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері қатысты.

Аталған бұл спикерлердің таныстырылымдарының мазмұнында бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктерін өз тәжірибесінен түсіндірді. Айта кетерлік, қазіргі таңда оқытуда тапсырмаларды әзірлеуді үнемі жетілдіріп отыру маңызды саналады. Себебі ақпараттың ауқымды жағдайында оқушы алған білімін пайдана алу мүмкіндігін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Осы орайда функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар дайындау және оны оқушыға ұсыну тәжірибесінен Дина Шакаримовна, Айнұр Ерланқызы және Алтынтас Мұсалар өзекті дүниелерімен бөлісті. Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәжірибесінен Арайлым Каримжановна, көп таңдаулы тапсырмалардың маңыздылығын Науат Шаяхметовна керемет шеберлікпен көрсетті. Оқушыны бағалау үшін тапсырмаларда Блум таксономиясы  деңгейі негізінде командалық сөздерді пайдаланудың маңыздылығы, бағалаудың объективті болуына ықпалын тигізетін талаптарды жетілдіретін мәселелерді Алия Уринбековна айтып өтті.

Семинарда құнды ақпараттар және тәжірибеден келіп шыққан зерттеулер таныстырылды. Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған