2023 жылғы 18 қазан күні №67 «Шұғыла балабақшасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Қазақ тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі — дидактикалық ойындарды қолдану» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мамандарына семинар-практикум өтті.
Семинар қазақ тілін үйрету барысында инновациялық технологияларды ұтымды қолдану, балабақша педагогтерінің жұмыс тәжірибесін жинақтау және тәжірибелі педагогтердің жұмыстарын тарату мақсатында өтті.
Семинар барысында №76 «Әдемі» шағын орталығының қазақ тілі мұғалімі Жунусова Гульден Жайсановна «Дидактикалық ойынның бала тілін дамытуда атқаратын рөлі» тақырыбында баяндама оқып, дидактикалық ойындар кейсін ұсынды. №1 «Бәйтерек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімдері Әли Лейли Жұмабайқызы мен Исабекова Балжан Кариоллиновна «Қазақ тілін үйретуде ойын технологиясының алатын орны» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ,№53 «Мерей» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Батталова Акмарал Женисовна, №16 «Шағала» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Боранбаева Акерке Мухамедовна «Ойын арқылы балалардың тілін дамыту» және «Ойын технологиясы арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.
Семинарға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының қазақ тілі мамандары қатысты.