Білім беру және тіл үйретудегі заманауи тенденциялар

Орталықтың әдіскері Ақсұлу Шынболатқызы Құлмағамбетова 2023 жылдың 17 қазан күні Назарбаев университеті және Миннесота университетінің (АҚШ) бірлесе ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беру және тіл үйретудегі заманауи тенденциялар» атты Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысып, баяндама жасады. Баяндамада халықаралық TALIS 2018 деректері негізінде мұғалімдердің педагогикалық практикасы мен инновациясы бойынша талдау нәтижелерімен бөлісті. Атап айтсақ, командалық инновацияға (мектеп ұжым ретінде) оң әсер етуші факторлар ретінде сынып менеджментінде «оқытудың түсініктілігі» мен «оқушыларды оқуға тарта білу» жағдайларын атап өтуге болады. Сондай-ақ, ұжымда ер мұғалімдердің үлес саны аз болғанына қарамастан командалық инновацияға жағымды әсері бар болып шықты. Ал, педагогтердің кәсіби сұранысы «жоғары» болған сайын, инновация төмен болатыны анықталды.

https://nu.edu.kz/ru/events/international-scientific-symposium-modern-trends-in-education-and-language-learning

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған